Семейде 12 көшенің атауы өзгереді

Семей көшелерінің біріне Құнанбай Өскенбайұлының аты беріледі.

Қаладағы Первомайская, Селевин, Уральская сияқты 12 көшенің атауы өзгереді. Енді ол көрнекті тұлға Дулат Бабатайұлының, Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетов сияқты тұлғалардың есімімен аталады. Семейде 1200-ден астам көше бар. Көбінің атауы идеологиялық тұрғыда ескірген және мән-мағынасы жоқ. Атауы өзгеретін көшелерге есімі ел тарихында қалған, өңірдің тарихы мен мәдениет, әдебиет, спорт салаларына еңбегі сіңген тұлғалардың және Алаш қайраткерлерінің есімі берілмек. Сондай-ақ қысқа көшелерге жер-су аттарын беру мәселесі арнайы комиссия отырысында қаралады.

Әсел Абылқасымова, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының орынбасары:

- Селевин көшесін Құнанбай көшесі деп қайта атау. Минжинский көшесін Әнуарбек Байжамбаев көшесі деп, Первомайская көшесін Дулат Бабатайұлы көшесі Пархоменко көшесін Сағадат Нұрмағамбетов көшесі және басқа да дәстүрлі жер су атаулары тізімінен алынған атаулар басқа да көшелерге қарастырылатын болады.