ШҚО-да тасқын қаупі жоғары
Шығыс Қазақстан облысында су тасқынына дайындық күшейтілді, деп хабарлайды 24kz.
Барлық елді мекеннен 160 мың текше метр қар шығарылды. Дегенмен, толассыз жауған қар қайта басып қалып жатыр. Мәселен Алтай ауданының кей жерінде қардың қалыңдығы 1,5 метрге жеткен. Аудан орталығында да аяқ алып жүру қиындады. Қар күреуге тұрғындар да атсалысты. Жұмысшылар қазір арықтар мен суағарларды аршып, тасқынның алдын алуға қам жасап жатыр. Мамандар жасанды интеллектінің көмегіне жүгінбек. Арнайы бағдарлама арқылы ауа райының өзгерісіне талдау жасап, қауіпті болжап отыр.
Игорь Оконешников, Алтай қаласының әкімі:
- Маңайда Бұқтырма, Берёзовка сынды өзен-бұлақтар көп. Олардың жағасында қаншама ауыл бар, сондықтан тасқын қаупі жоқ деуге болмайды. Бізде қазір жедел штаб құрылған. Техника да, мамандар да дайын. Бәрін бақылап отырмыз.