Астанада «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалі ашылды. LIVE

Астанада «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалінің салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды 24kz.

 

Бұл – еліміздегі жұмысшы мамандықтары жылын ресми түрде ашатын алғашқы іс-шара. Ауқымды жиын түрлі сала  мамандарының, жұмыс берушілердің, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының өкілдерін бір алаңға тоғыстырып отыр. Бірнеше күн бойы осы «Жұмысшылар қаласы» аумағында түрлі шеберлік сабақтары, бос орындар жәрмеңкесі, стартаптардың тұсаукесерлері, концерттер мен тренингтер өтеді.