Елде жерді басқарудың зияткерлік жүйелері енгізіліп жатыр

Жаңа әдіс фермерлердің жұмысын жетілдіруге көмектеседі, деп хабарлайды 24kz.

 

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Дмитрий Мун осылай деді. Бүгінде ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттік қызметтің 93 түрі көрсетілсе, соның 98%-і онлайн режимінде ұсынылады. Үкімет отырысында спутниктік мониторинг жүргізу барысы туралы да баяндалды. Қазір инспекторлар бұрынғыдай жер телімдерін тексеру үшін сонда барып жүрмейді, қағазбастылыққа салынбайды. Олар тиісті жұмыстарды цифрлық жүйе арқылы жүргізуде. Сондай-ақ барлық мемлекеттік органға қолжетімді бірыңғай деректер базасы құрылды. Былтырдан бері спутниктік бақылау нәтижесінде игерілмеген 12 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылған.