Маңғыстау облысында 20 жаңа автобус пайдалануға берілді
Маңғыстау облысында 20 жаңа заманауи жолаушылар автобусы пайдалануға берілді, деп хабарлайды 24KZ. Енді олар «Ақтау – Жаңаөзен – Ақтау» және Шетпе бағыттарына қатынайды.
51 адамға шақталған автобуста барлық жағдай жасалған. Ішінде санитарлық торап, желдеткіш және теледидар бар. Алғашқы рейс бүгін таңғы 9:00-де жолға шықты. Мамандардың айтуынша, жол жүру ақысы қолжетімді.
Адайбек Қалиев, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы:
- 3 автобус Жаңаөзен қаласына, 3 автобус Ақтау қаласына. Бір-біріне қарама-қарсы бір сағат интервалмен күн сайын қатынайды. Автобус паркі қазір 90%-ке жаңарды. Енді Бейнеу ауданының ауылдары бар. Оған да осы жылы тасымалдаушы мекеме жаңартамыз деп жұмыстанып жатыр.