Алматылық жастар Мәңгілік алауға гүл қойды
Бүгін алматылық оқушылар мен «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілері 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағындағы Мәңгілік алауға гүл қойды. Жасөспірімдер майдан даласында шейіт болған қазақстандық жауынгерлердің рухына тағзым етті.
Әскери даңқ музейіне экскурсия жасап, тыл ардагерлері мен әскерилердің өнегелі әңгімесін тыңдады. Игі шараға әскери-патриоттық тәрбие берудің 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы аясында ұйымдастырылды.
Азамат Алмасұлы, оқушы:
- Бұл біз үшін үлкен құрмет. Олардың жасаған ерліктері біз үшін мақтан тұтарлықтай. Оны ұмытпау керек. Тарихтың бір парағында жазылған бұл да тарихи сәт. Оны ұмытпауымыз керек. Жылда еске алып отырмыз. Ол біздің еліміздің, республикамыздың алдында міндет деп санаймын.