Аймақтарға қажетті көмірдің 92%-ы жеткізілді

Қыс аяғы ұзап кетсе қалай болмақ?

Осыны қаперге алған Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі биылғы жылу беру маусымында халыққа қажет 8,6 млн тонна көмірдің 92 пайызын жеткізді. Оның 6 млн-ға жуығы тұтынушыларға, қалғаны коммуналдық қажеттілікті өтеуге жұмсалған. Өнеркәсіп комитетінің басқарма басшысы Жанат Игісіновтің айтуынша, ақпанның ортасында күн суытады. Сондықтан отынның қалған бөлігі аймақтарға үздіксіз жіберіліп жатыр.

Қазір министрлік көмірдің жеткізілуі кешігіп жатқан аймақтарды басты назарда ұстап отыр. Жалпы елде 495 мың тонна көмір қоры сақтаулы. Бұл күн жылып, жер аяғы кеңігенше жетуі тиіс.