«Baiqa, piramida» ресми Telegram-боты алаяққа қарсы қырағылықты арттыруға көмектеседі

Ұлттық ұлан мен Қаржылық мониторинг агенттігі қаржы пирамидаларына қарсы күш біріктіреді.

Жоба әскерилерді күдікті схемалар туралы ақпараттандырып, алаяқтардан сақтауға бағытталған. Бастама аясындағы кездесуде арнайы мамандар қаржылық пирамиданың белгілері мен инвестициялық ұсыныстарды мұқият тексерудің маңызы жайлы айтты. Күдікті жобаны «Baiqa, piramida» ресми Telegram-боты арқылы тексеруге болатыны хабарланды. Енді тек Бас қолбасшылықпен шектелмей, өңірдегі сарбаздармен де кездесулер ұйымдастырылмақ. Ұландықтар бұл ынтымақтастық қаржылық алаяқтыққа байланысты қатерлердің алдын алып, қаржылық сауаттылықты арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Андрей Давыдов, ҚМА превенция басқармасының бастығы:

- Семинар аясында дроптар арқылы күмәнді вакансиялар кездесетіні жайлы және алаяқтардың арбауына түспеудің жолдары егжей-тегжейлі айтылды. Заңсыз схеманың белгілері мен назар аударатын негізі мәселелерді көрсеттік. Алдағы уақытта осындай іс-шараларды тек Бас қолбасшылық базасында ғана емес, сондай-ақ өңірлік қолбасшылықтарда да өткізу жоспарда бар. Сонда әскери қызметшілер барынша қажетті білім алып, өздерін және жақындарын алаяқтықтардан қорғай алады.