Ауылдарда екі мыңға жуық «құқық кабинеті» жұмыс істеп тұр
Ауыл тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру бағытында елімізде 2 мыңға жуық «Құқық кабинеті» жұмыс істеп тұр.
Олар мәдени нысандар мен демалыс орындарында орналасқан. Әділет министрлігінің ресми мәліметі осындай. Сонымен қатар арнайы бірыңғай ақпараттық жүйе және мобильді қосымша іске қосылды. Онда мамандар 500 мыңға жуық адамға кеңес берген. Биыл тағы 300 мыңнан астам адамды оқыту жоспарланып отыр. Соның ішінде жасанды интеллект желісі көмекші ретінде қарастырылады.