Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері Абай облысының жастарымен кездесті

Жастардың жемқорлыққа қарсы мәдениетін арттыру маңызды. Осы мақсатта Абай облысында жас буын өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды, деп хабарлайды 24kz

Іс-шараны өңірдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері қолға алды. Ашық пікірталас форматында өткен басқосуда сарапшылар әділ қоғам құру, жемқорлық секілді кеселмен күресудің тиімді жолдарын кейінгі буынмен бөлісті. Жастар жағы да іркіліп қалған жоқ. Емен-жарқын әңгіме кезінде олар құқықтық сауатын арттыру бойынша толғандырған сауалдарын қойды.