Жол ережесін бұзғандарға жаза қатаңдатылып жатыр
Жол ережесін бұзғандарға жаза қатаңдатылып жатыр. Бірақ нәтиже аз. Жалпы 2025 жылы бір айлық есептік көрсеткіш 3932 теңге болып бекітілгені белгілі. Соған орай айыппұл көлемі де өсті.
Оның ішінде жол ережесін бұзғандарға салынатын айыппұл мөлшері 6,1%-ке көбейген. Айыппұлдың ең көбін жол сақшысына бағынбағандар төлейді. Яғни 157 280 теңге. Жылдамдықты сағатына 40 шақырымнан асырғандар 78 640 теңге, сол секілді жаяу жүргіншілер жолымен жүретіндерге 58 980 теңге айыппұл көзделген. Бағдаршамдағы қызыл түсті елемей өтіп кету мен жол реттеушісіне назар аудармағандар, тротуар, гүлзар жанына тоқтайтындар 39 320 теңге көлемінде әкімшілік жауапқа тартылады. Ал жүргізуші куәлігі жоқтар, көлікті тұраққа дұрыс қоймайтындар және белдік тақпай, көлік жүргізіп отырып телефон пайдаланатындар 19 660 теңге, тұрақ үшін ақы төлеуден бас тартқандар 11 796 теңге төлеуге тиіс.