Франция елшісі әуежай жұмысымен танысты
Францияның Қазақстандағы елшісі Сильван Гиоге Алматы халықаралық әуежайының жұмысымен танысты, деп хабарлайды 24KZ. Жаңа халықаралық терминалды салуға франциялық инвесторлар да үлес қосқан.
Әуежай басшылығы биыл 12 миллионнан астам жолаушыға қызмет көрсетуді жоспарлап отыр. Бұл Франция, Түркия мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықтың нәтижесі. «Біздің инвестиция Қазақстан экономикасының авиация мен туризм сияқты стратегиялық салаларында маңызды рөл атқарады. Алматы әуежайының халықаралық хаб ретінде дамуы өңірдің туристік тартымдылығын арттырады», – дейді елші.
Сильван Гиоге , Францияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі:
- Біз жолаушыларға сапалы сервис көрсету бағытында өзара пікір алмастық. Біз Алматы әуежайын жаңғырту бастамасын қолдаймыз. Өйткені бұл тек экономиканың өсуіне, туризмді, сауданы және халықаралық байланысты дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады.