Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тосқауыл болмай тұр
Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тосқауыл болмай тұр.
Үйдегі тыныштықтың бұзылғанына қатысты елімізде жыл сайын 100 мыңнан астам шағым түседі. Мұндай жаға ұстатарлық деректі ішкі істер министрлігінің мамандары хабарлады. Ақпарларынша, 2024 жылы ұрып-соғу мен денсаулыққа жеңіл зақым келтіру бойынша шамамен 7 мың қылмыстық іс тіркелген. Арыз-шағымдардың дені Алматы, Қостанай, Павлодар облыстарынан түсетін көрінеді. Құзырлы орган өкілдері қазіргі таңда әйелдер мен балаларға қатысты жасалған зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік күшейтілгенін мәлімдеді. Мәселен, кәмелетке толмаған баланы зорлағандарға өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Ренат Зұлқайыров, ҚР Ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары: