Биыл Қарағандыда есірткі жарнамалаған тоғыз адам ұсталды

Биыл қарағандылық полицейлер есірткі сатып жарнамалаған 9 адамды қолға түсірді.

Ал былтыр осындай 70-тен аса факт тіркелген. Олардың қатарында негізінен кәмелет жасқа толмағандар көп. Жасөспірімдер синтетикалық есірткі жарнамалары бар парақшаларды таратып, ғимараттар қабырғаларына хабарлама жазып кетеді. Полицейлер осындай жарнаманы жою үшін еріктілермен рейдке шықты. 500-ден аса адам командаларға бөлініп, қаланы сүзіп шықты. Оның нәтижесінде бір жарым мың жарнама жазуы өшірілді.

Бауыржан Мұхамеджанов, қалалық полиция басқармасы бастығының орынбасары:

- Негізі Қарағанды қаласының ғана аумағында тұрған проблемалық жағдай емес. Бұл бүкіл Қазақстан бойынша. Қазіргі көбінесе жастардың алдын алу және де нашақорлықтың алдын алу болып табылады. Осындай жұмыстарды былтырғы жылы көп өткізген болатынбыз.