Алматы маңындағы Тұйық су шатқалынан визит-орталық ашылады

Тау баурайынан қонақ үйі, дәмхана, дәріхана, дүкен және  шығармашылық іс-шаралар өткізетін нысан салынады.

Сондай-ақ туристерді электро-мобильмен тасымалдау қызметі іске қосылады. Талап бойынша құрылысты жүргізетін компания таза экологиялық матиериалдарды пайдалануы тиіс. Бұдан бөлек кешен аумағында құтқару қызметіне арналған үй-жайды орналастыру көзделіп отыр. Мақсат – экотуризмді дамытып, тұрақты  жұмыс орындарын құру.

Темірлан Нихамбаев, «Алматы» ӘКК Баспасөз қызметінің басшысы:

- Бұл жоба «Алматы» әлуметтік кәсіпкерлік корпорациясының еншілес ұйымы арқылы қаржыландырылады. Оған 380 млн теңге бөлінді. Құрылысты жүргізетін жеке компанияны қаржыландыру мерзімі 5 жыл. Жоба «Almaty Business-2025» кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады.