Заң мен тәртіп: студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру маңызды

Талдықорғандық студенттер зияткерлік ойын арқылы құқықтық сауаттылығын арттырмақ.

Квест форматындағы сайыс осымен екінші жыл қатарынан ұйымдастырылды. Қатысушылар топ-топқа бөлініп, күрмеуі қиын жағдайдан шығудың жолын талқылады. Заңға сай тиісті шешім қабылдады. Әрбір оқиғаны саралау арқылы құқықтық тұрғыда баға беруге тырысты. Колледж біЛімгерлері мен жас кәсіпкерлердің басын қосқан шараны «Жетісу жастары» бірлестігі ұйымдастырды. Олар интеллектуалды ойын арқылы жастардың білімін арттырып, таным-түсінігін кеңейтуді мақсат етеді.

Ақерке Қызайбай, сайысқа қатысушы:

- Біріншісі ол бізде тарих жағынан болса, осы жолы біз заң туралы біліп жатырмыз. Яғни өзімізді әртүрлі сферада, әртүрлі бағытта дамытып жатырмыз. Бұлардың студенттерге пайдасы зор деп ойлаймын. Себебі Қазақстанның болашағы үшін жан жақты адамдар қажет.

Іңкәр Асқаржан, зияткерлік сайысты ұйымдастырушы:

- Біз әдебиет, тарих заң тақырыбында интеллектуалды ойын өткізген болатынбыз. Және де алдағы уақытта өткізетін интеллектуалды ойыны ол салт-дәстүр ойындары болып табылады. Скл Бұл ойынға қатысып жатқан командалардың лидерлары облысымыздағы белсенділер қатарына кіреді.