Лепсі үздік туристік ауылдардың қатарына енді

Жетісу облысындағы Лепсі ауылы еліміздегі ең үздік туристік ауылдардың қатарына енді.

Шекаралы аймақтағы шағын елдімекен тынығушыларды несімен қызықтырады?

Шыңғыс Қалиден, тілші:

- Лепсі ауылының маңынан мынандай тас балта, шапқы сынды заттар көп табылған. Соған қарап полеолит кезінің өзінде-ақ бұл жерді адамдардың мекендегенін білуге болады. Ал одан кейінгі дәуірлерде де құтты қоныс тұрақты мекен болғанын профессор Төлеубаев Әбдеш Тәшкенұлы жүргізген археологиялық қазба жұмыстары кезінде дәлелденген.

Орта ғасырларда бұл аймақта Асусай, Көктұма сынды қалалар болған. Жібек жолының бір тармағы өткен көрікті өлкеге қазақ хандары да ат басын бұрып, арнайы келген,- дейді Мухаррам Хайбуллин.

Мухаррам Хайбуллин, өлкетанушы:

- Потанин деген кісі Шоқан Уәлиханның досы Бұхар жыраудың шығармасын тауып, переводить, и там прям пишет, «Абылайхан (после битвы чурчитами отдыхал в Чубарагаче. Біздің Шұбарағаш қой.)

Отарлау кезеңінде де шекаралық аймақтағы елдімекенге ерекше мән берілген.

Шыңғыс Қалиден, тілші:

- 1867 жылы елді мекен уезд орталығы атанды. Сол кезде халық саны артып 5 мыңға дейін жеткен. Өндіріс орындары ашылып, мынандай баспаналар тұрғызылды. Ғасырдан астам тарихы бар нысан сол күйінде сақталған.

Бұл ауылға былтыр 2500-ден аса турист келген. Оларды негізінен «Жетісу Алатауының» тұмса табиғаты қызықтырады.

Марк Шинори, Алжир елінің азаматы:

- Бұл жердің табиғаты мені таңғалдырды. Жергілікті тұрғындармен тауға дейін бардым. Өте әдемі екен. Естен кетпес керемет әсер алдым.

Аида Садинова, турист:

-Елді мекеннің инфроқұрылымдық жүйелерін жаңартса деген тілек бар. Мәселен, газ құбырын және ауыз су желісін тартса, көше шамдарын көбейтсе жергілікті халықтың тұрмыс тіршілігі жақсарар еді.

Лепсі ауылында тұратындардың басым бөлігі омарташылықпен айналысады. Сондықтан елдімекен бал өнімдерімен де ел арасында кеңінен танымал. Келем деушілер «Жоңғар Алатауы» ұлттық паркінің аумағынан жабайы жануарларды көріп, алты туристік маршрут бойынша тыныға алады.

Раджиф Варлаков, "Жоңғар Алатауы" МҰТП Лепсі филиалының туризм бойынша инженері:

- Биыл Алакөлден Жасылкөлге тағы бір туристік маршрут болады. Сол маршурт бойынша микроавтобустар, автобустар жүреді. Кісілер мында келгенде Тұқымбақ бар. Жасылкөл бар. Тағы маршруттар бар үш жүздік алмағашты көруге болады. Алмағаштың гүлденуін көруге болады.

Теңіз деңгейінен мың метр биіктікте орналасқан елдімекенде спорт кешені салынып жатыр. Келешекте онда дүбірлі додаға түсетін саңлақтар дайындалып, қысқы спорт түрлері дамытылмақ.

Шыңғыс Қалиден, Олжас Байбосынов