Елімізде халықтың 99%-ы ауызсумен қамтылған

2030 жылдың соңына дейін елдегі суды қайта пайдалану үлесін 28%-ға дейін ұлғайту көзделіп отыр, деп хабарлайды 24kz

Бүгінде түрлі өндірісте қайта қолданылатын судың үлесі 17%-ды құрап отыр. Жалпы халықтың 99%-ға жуығы ауызсумен қамтылған. Былтырдың өзінде 3100 шақырым су желісі салынып, қайта жаңартылды. Қалалықтардың 99,4%-ы, ал ауыл тұрғындарының 97,8%-ы сапалы ауызсуға қол жеткізген. Сондай-ақ 2024 жылы топтық су құбырларын салу және реконструкциялау бойынша 8 жоба аяқталды. Нәтижесінде ұзын саны 208 мың тұрғыны бар 49 елді мекенге сапалы су жеткізіле бастады. Бүгінгі таңда еліміздің 9 өңірінде тағы осындай 23 жоба іске асырылып жатыр. 

Айта кетерлігі, 2020 жылдан бері халықты ауыз сумен қамту көрсеткіші 93,8%-дан 99%-ға дейін жетті.