Ұлттық ұлан авиациясының дағдарыстық жағдайларға дайындығы бағаланды
Ұлттық ұланның авиациясы дағдарыстық жағдайларда жедел қызмет ете алады. Әуе флотын жаңғырту мен ұшу құрамының біліктілігін арттыруға ерекше көңіл бөлінеді. Сенаторлар бүгін арнайы барып, саланың дайындығын бағалады.
Жоғарғы палата депутаттары авиациялық қызметтің мүмкіндіктерін зерделеп, ұшу экипаждарының дайындық деңгейін көріп, жедел-қызметтік міндеттерді орындауға арналған техникасымен танысты. Көпфункционалды Ми-171Е тікұшағының қолайсыз ауа райы мен түнде іздестіру, медициналық міндеттерін орындауға қабілетін көрді. Тікұшақ экипажы қиын жағдайда тапсырмаларды орындауда үлкен тәжірибеге ие.