Қор нарығының қатысушыларымен кездесу өтті

Қор нарығының қатысушыларымен кездесу өтті
ҚР Қаржы министрлігі

2025 жылдың 14 ақпаны KASE конференциясы аясында «Tabadul Digital Hubs-ке қосылу» капитал нарықтарының инфрақұрылымын дамыту бойынша негізгі аспектілер талқыланды, деп хабарлайды ҚР Қаржы министрлігі.

Іс-шара аясында Қаржы вице-министрі Кенбеил Д.М. екінші деңгейдегі банктердің, қаржы ұйымдарының және нарықтың басқа қатысушыларының өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында ағымдағы жылға арналған негізгі қарыз алу жоспары мен бағыттары ұсынылды. Кездесу қатысушылары Қаржы министрлігінің бағалы қағаздарының тартымдылығын арттыру бойынша ұсыныстар беріп, инвесторлардың шешім қабылдауына әсер ететін факторларды талқылады.

Конференция мемлекет пен қаржы нарығына қатысушылар арасындағы диалог үшін маңызды платформаға айналып, капитал нарығы инфрақұрылымын дамытудың негізгі басымдықтарын анықтады.

Конференция барысында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ұлттық капитал нарығын дамытудағы рөліне ерекше назар аударылды. Осы бағыттағы елеулі үлесі үшін Қаржы министрі М.Такиев және министрлік командасы «Мемлекеттік бағалы қағаздарды орналастырудағы 20 жылдық табысты серіктестік» дипломымен марапатталды.