Еліміздің 9 аймағына су басу қаупі төніп тұр
Мұның алдын алу үшін Төтенше жағдайлар министрлігі орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, дайындық жұмыстарына қызу кіріскен. «КӨКТЕМ-2025» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізіліп, батыс пен оңтүстіктегі ахуал пысықталды. Сондай-ақ қорғаныс бөгендерін нығайту, су өткізу құрылыстарын, каналдар мен арықтарды тазарту жұмыстары қолға алынды.
Жалпы алғанда 1200-ден астам елді мекен қызыл судың астында қалуы ықтимал. Тұрғындар қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 576 шақырымдық қорғаныс бөгендері тұрғызылып, 74 өзеннің жағалауы нығайтылды.
Әсет Жылқайдаров, ҚР ТЖМ Төтенше жағдайлардың алдын алу комитеті төрағасының м.а.:
- Сондай-ақ халықты құлақтандыру, зардап шеккендерді эвакуациялау және орналастыру механизмі тексерілді. Наурызда осындай іс-шаралар мен жаттығудың екінші кезеңі жоспарланған. Оқу-жаттығу бойынша, су тасқынын жою бойынша іс-қимыл алгоритмі пысықталды.