Астанада көктемгі су тасқынына дайындық пысықталды
Астанада көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық барысы ерекше бақылауға алынды, деп хабарлайды 24KZ. Табиғат тосын мінез танытқанда төтеншеліктер тосылып қалмау үшін қазірден қамдануға кіріскен. Бүгінге дейін шаһар аумағынан 5,6 млн текше метрден аса қар шығарылған.
22,9 мың метрден астам арық, ақ ұлпадан тазартылыпты. Тағы 586 дана жаңбыр қабылдау құдықтары қоқыстан аршылған. Жауапты кезеңге 581 жұмысшы күші мен 506 бірлік техника жұмылыдырылып отыр. Бас қаладағы басты торап Астана су қоймасының жағдайы үнемі бақылауда.
Бекзат Серікұлы, қалалық ТЖД басқарма бас маманы:
- Астана қаласында су тасқынына дайындық кезеңіне жергілікті атқарушы органдармен бұл бағытта жұмыс алдын ала басталды. Яғни 18 су тасқыны қаупі бар учаскелерге зерттеу жүргізілді. Арық-науа желілерін тазалау, қарды тазалау тапсырмалары берілді.