Алматыда шағын және орта бизнес мемлекеттік тапсырыстан қағылмайды

Енді өңірдегі шағын және орта бизнес өкілдері мемлекеттік тапсырыстан қағылмайды. Өйткені байқау өткізу мерзімі едәуір қысқарды. «Бұл тапсырыс алуда туындайтын бюрократия мен монополияға айтарлықтай кедергі», –  деді алматылық кәсіпкерлермен кездескен еліміздің қаржы министрінің орынбасары Дәурен Кеңпейіл.

Жыл басынан бері мемлекеттік сатып алу заңына енгізілген ережелер күшіне енді. Басты басымдық отандық тауар өндірушілерге беріліп отыр. Сондай-ақ құрылыс жұмыстарына   қоғамдық мониторинг жасалады. Жұмыс кестесі мен келісмшарттың орындалуы туралы есептер, жалпыға қолжетімді болады.

Дәурен Кеңпейіл, ҚР Қаржы министрінің орынбасары:

- Биылғы жылдың бір жарым айында, 14 ақпанда 1 трлн 300 млрд-қа келісімшарттар жасалған. Бұл ненің көрінісі? Бұл мерзімдердің қысқарғанының арқасында, процедуралардың қысқарғанының арқасында және рейтінгтік балдық жүйенің істеп жатқанын арқасында. Біз жергілікті компанияларға басымдық беріп отырмыз. Ол басымдық 2023 жылы болмаған. Былтыр бір балл болды. Осы заңмен екі балл беріп отырмыз. 10 баллға дейін мердігер ала алады.