Қостанайда мемлекеттік мекеме мен ұйымдар ынтымақтастық орнатты

«Заң мен тәртіп» жобасы аясында Қостанайда бірқатар мемлекеттік мекеме мен ұйымдар  арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. Оның ішінде Әділет департаменті мен Еңбек инспекциясы азаматтардың құқын қорғау бағытында бірлесіп жұмыс істеуге келісті. 

Былтыр облыста 1300 адам еңбек құқы бұзылғанын айтып, көмек сұраған. «Мұндай даулар көбіне құқықтық сауаттылықтың төмендігінен туындайды», – дейді мамандар. Сол себепті екі тарап білікті заң көмегінің қолжетімділігін қамтамасыз етуге уағдаласты. Борышкерлердің қарыз жүктемесін азайту үшін оларды жұмыспен қамту қажет. Әділет департаменті, кәсіпкерлер палатасы мен «Азаматтарға арналған үкімет» копорациясы осы жағынан бірлесіп әрекет ету жөнінде мәмілеге келді.

Елмира Мұхаметқалиева, Әділет департаменті басшысының орынбасары:

- Бұл меморандумдардың мақсаты – осы «Заң және тәртіп» идиология жобасы аясында халықтың құқықтық санасы арттыру. Сонымен қатар халықтың мемлекеттік органдарға келген кездегі олардың сұрауына сапалы түрде жауап беру мақсатында болып отыр. Осы құқықтық көмекті біз меморандум арқылы облысымыздағы кәсіби адвокаттармен, заң кеңесшілерінің көмегімен беруді көздеп отырмыз.