Алатауда 11 жоба жүзеге асады
Алатау ауданының әлеуметтік әлеуетін арттыру мақсатында 11 жоба жүзеге асады, деп хабарлайды 24KZ. Меже орындалса, мұндағы алыс-беріс артып, өндіріс өркен жаяды. Білім беру, бизнес салалары дамиды. Бүгін Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев аймақты дамыту мәселелері бойынша Жобалау кеңсесінің отырысын өткізді.
Онда бизнес өкілдерімен, жобалау институттарымен кездесіп, қаланың Бас жоспарына өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныстарды тыңдады. Жиында Алатау қаласы мамандары үшін ипотекалық кредит беру лимитін ұлғайту ұсынылды.