Өскеменде 20 отбасы баспаналы болды
Өскемен қаласында 20 отбасы баспаналы болды. Жаңа пәтерге ие болғандар қатарында көпбалалы аналар, зейнеткерлер мен әлеуметтік аз қамтылған жанұялар бар.
Мәселен, Дәрия Қоңырбаева 20 жылға жуық баспана кезегінде тұрған. Осы уақытқа дейін пәтер жалдапты. Көпбалалы анаға 80 шаршы метрлік 2 бөлмелі пәтер кілті табысталды. Қазір облыс орталығында 10 тұрғын үй салынып жатыр. Бұған қоса жергілікті билік өкілдері кей баспаналарды арнайы бағдарлама бойынша нарықтық бағада сатып алып жатыр. Қазір аймақта 11 мыңнан астам адам пәтер кезегінде тұр.
Дәрия Қоңырбаева, Өскемен қаласының тұрғыны:
- Қуанышымды сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Осы күнді 18 жыл күттік. Қазір 3 балам бар. Ал бір баламды құрсағымда көтеріп жүрмін. Көпбалалы ана деп елеп, ескеріп жатқан жандарға шексіз алғысымды айтамын.