Жамбыл облысындағы барлық ауыл ауыз сумен қамтылады
Биыл Жамбыл облысындағы барлық елдімекен ауыз сумен қамтылады.
Бұл туралы облыстық энергетика басқармасының мамандары мәлімдеді. Былтыр 37 ауылға орталықтандырылған ауызсу желісін жүргізу үшін республикалық және жергілікті бюджеттен 21,5 миллиард теңге бөлінді. Нәтижесінде 18 мың тұрғын таза тіршілік нәрін тұтынып отыр. Бүгінде аймақтағы 367 елді мекеннің 340-ы таза суға қол жеткізді. Енді қалған 27 ауыл мен Тараз және Шу қаласындағы 9 тұрғын үй алабын қамту жоспарланып отыр.
Смат Сатымбеков, облыстық энергетика басқармасының бөлім басшысы:
- Жалпы облыс көлемінде жылдың соңына дейін 100 пайыз аяқтау үшін республикалық бюджеттен 7,2 млрд теңге қаражат қажет. Осы ағымдағы жылдың ақпан айында салалық министрлікке барып жетіспейтін 7,2 млрд қаражат бойынша өтінім толық ұсынылды. Алдағы наурыз айындағы жоспарланған республикалық бюджет нақтылауына қаражат қарастырған жағдайда мемлекеттік сатып алу рәсімдеріннің және мердігерлердің жұмысты уақытылы орындаған жағдайда жылдың соңына дейін 100 пайызға жетеміз деген жоспар бар.