Қарағанды облысының Нұра кентінде өнер мектебі салынып жатыр
Қарағанды облысының Нұра кентінде өнер мектебі салынып жатыр.
Нысан жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Құрылысына 671 млн теңге бөлінді. Кент тұрғындары мектептің ашылуын асыға күтуде. Себебі балалар ескі музыка мектебіне барып жүр. Оның өзі тарлық етеді. Жаңа ғимараттың бірінші қабатында хореография залы болады. Ал екінші қабатта түрлі үйірмеге арналған бөлмелер орналасады. Сондай-ақ жобада 100 орындық акт залы қарастырылған.
Денис Колшин, аудандық құрылыс бөлімінің бас маманы:
- Бүгінгі таңда нысанның іргетасы құйылып, жертөлесі салынды. Енді қабырғасын қалап жатыр. Кентте бұрын мұндай өнер мектебі болмаған. Жұртшылық балалар мен жастар бос уақытын тиімді өткізуі үшін осындай жер қажет екенін бірнеше мәрте көтерді. Келешекте бұл жер үлкен мәдени ошаққа айналады деп ойлаймыз.