Қостанайда «Заң және тәртіп» жобасы аясында ойын түрінде сот қойылымы өтті

Қостанайда «Заң және тәртіп» жобасы аясында ойын түрінде сот қойылымы өтті.

Бірақ ондағы айтыс-тартыс кәдімгі сот отырысынан кем болған жоқ. Айыпталушы - жұртты алдап, ақша жымқырған алаяқ. Оның ролін өзге адам сомдағанымен судья, прокурор, қорғаушы кәнігі мамандар. Ойын түріндегі сот отырысына заң факультетінің студенттері шақырылды. Мақсат -  қылмыстық істің ақ-қарасын анықтауды нақты тәжірибеде көрсету. Теориялық білімді практикамен ұштастыру.

Берік Нұрмұхамбетов, жастар ресурстық орталығының өкілі:

- Қазақстанда қазір алаяқтық деген өзекті мәселе. Үлкен кісілер ғана емес, жастардың өзі алаяқтардың құрбаны болып жатады. Сондықтан біз тақырыпты таңдап алдық. Оңай олжа іздегендер қандай айла амалдарға баратындығын, заң жүзінде оларға қандай жаза қолданылатындығын көпшілік білуі керек.