Ақтөбе облысында 160 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылады

Ақтөбе облысында ауыл шаруашылығы мақсатындағы 160 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылады.

Бұл жайылым аумағын кеңейтуге мүмкіндік береді. Қазір Алға, Мәртөк аудандарында және облыс орталығына  іргелес аумақта 97 мың гектар жайылым жетіспейді. Игерілмей жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекетке қайтару арқылы осы олқылықтың орнын толтыру жоспарланып отыр. Былтыр шаруаларға мемлекеттік конкурстар арқылы 406 мың гектар жер пайдалануға берілді.

Әділбек Қабидуллин, облыстық жер қатынастары басқармасының бөлім басшысы:

- Қорға алынған барлық жер елді мекендер аумағын кеңейтуге беріледі. Сөйтіп жайылым жер жетіспеушілігін жоямыз. Бірақ мал саны өсіп келе жатқандығын ескерсек, алдағы уақытта бұл мәселе тағы туындауы мүмкін.