Көкшетауда еңбекті насихаттауға арналған конференция өтті

Көкшетауда адал еңбекті насихаттауға арналған республикалық ғылыми-тәжірибиелік конференция өтті, деп хабарлайды 24KZ. Оған  ғалымдар, еңбек ардагерлері  мен дін өкілдері қатысты. Ауқымды шарада қарапайым еңбек адамдарының мәртебесін арттыру, оларды жастарға насихаттау  мәселелері талқыланды. Бұл жиын жұмысшы мамандықтар жылы аясында ұйымдастырылып отыр.

Ермек Нұғыманов, облыстық Ардагерлер кеңесінің төрағасы:

- Мұның енді маңыздылығына келетін болсақ, биылғы жылды өздеріңіз білетіндей Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жұмысшы мамандығының жылы деп белгілеген болатын. Соны арқау етіп, біз басты алға қойған мақсатымыз деп білуіміз керек, ол еңбекті паш ету, қарапайым еңбек адамдарын, осы бүгінгі көріп жатқан игілігіміз, жақсылығымыз, салынып жатқан ғимараттар, алынып жатқан егініміз, байлықтың бәрі осы еңбектің арқасында.