Жамбылдық сарбаздар ең үздік сапёр атанған
Жамбылдық сарбаздар соңғы үш жылда елдегі ең үздік сапер атанған, деп хабарлайды 24KZ. Солардың арасында Мұхамедияр Бөтенбаев та бар. Ол республикалық додада ең көп жарылғыш тауып, оны заласыздандырудан топ жарған.
Мұхамедияр Бөтенбаев 15 жылдан бері «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында қызмет атқарып жүр. Соңғы 5 жылдан бері саперлер сапында. Ол соңғы 3 жылда 500-ден аса жарылғыш заттың көзін жойған. Бүгінде әріптестерімен полигонда біліктілігін шыңдап жүр. «Себебі шалыс бассаң, кез келген операция қатерге айналуы әден мүмкін», – дейді әскери маман.
Мұхамедияр Бөтенбаев, кіші сержант:
- Таразда бұрынғы зеленый базар бар, сол жерден снаряд табылды. Соған кірдік. Бықсып жатыр екен, өртенейін деп. Соған кірдік қой, екеуміз кіріп, соны ауыздықтап алып шығып бері қарай. Жарылған кезде анша-мұнша неғылмайтын қауіп келтірмейтін жәшік жасап, соның ішіне салып, ішін құмға толтырып, «сопровождениемен» тауға апырдық. Сол жерде жарып жібердік. Ол да бір қорқыныш болды.
Саперлер жауынгерлік операцияға салмағы 10 келіден асатын қорғаныс киімімен шығады. Дегенмен оның өзі жарылыстан келер зақымнан толық қорғай алмайды. «Сондықтан жарылғыш заттың барлық түрін жатқа білу міндет», – дейді Мұхамедияр. Мәселен, кейіпкеріміз оқ-дәрі атаулының 20-дан аса түрін қашықтан-ақ айнытпай танып, әрқайсының сипаттамасына сай әрекет етеді. Ұзақ жылдық еңбегі жанып былтыр республикалық «Әскер Тарланы» байқауында үздік сапер атанды.
Жеңісбек Сейсеуов, 28149 әскери бөлімінің нұсқаушы-сержанты:
- Өзінің тәртібін және өзіне қойылған жауапкершілікті толық қызметтік міндетін атқарғаны үшін осы «Қайсар жүрек» номинациясының иесі болып отыр. Мұхамедияр тек әскери бөлімдегі емес, мына Тараз қаласында табылған минаны да залалсыздандыру кезінде өзінің ержүректілігімен танылды.
Жалпы қорғаныс саласында сапер мамандардың қызметі аса маңызды. Байзақтағы жарылыстан соң дәл осы мамандар 2 мыңнан аса жарылғыш заттың бөлшектерін тауып залалсыздандырған.
Авторлары: Мерей Бает, Бақытжан Бапаев, Елдар Байділді.