Алматы облысында төрт ауланы су басу қаупі жойылды
Алматы облысының құтқарушылары Көлащы ауылында су басу қаупін жойды.
Белгілі болғандай, жеке басы анықталмаған азамат Қаскелең өзенінен шаруашылық қажеттіліктеріне арналған суару каналына суды бағыттайтын шлюзді ашып кеткен. Нәтижесінде су көлемі ұлғайып, арнасынан асқан. 4 аула аумағын су басты. Оқиға орнына төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен жергілікті әкімдік өкілдері келіп, тасқын салдарын жою үшін 3 бірлік техника жұмылдырды. Қазір полиция шлюзді ашқан белгісіз тұлғаны іздестіріп жатыр. Оған арнайы ұшқышсыз ұшу аппаратын қолданады.