Күршім көпірі көліктердің қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз етіп отыр

Шығыс Қазақстан облысында осыдан 4 ай бұрын пайдалануға берілген, деп хабарлайды 24kz.

Күршім көпірі көлік құралдарының жыл бойы қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз етіп келеді. Бүгінде жаңа көпір Күршім, Үлкен Нарын, Марқакөл, Катонқарағай, Тарбағатай және Зайсан аудандарын Өскемен қаласымен байланыстырып отыр.

Жұрт жылдар бойы жазда пароммен, қыста мұздың үстімен жүретін. Бұл өте ыңғайсыз әрі қауіпті болды. Енді мәселе біржола шешімін тапты. Көпірдің жалпы ұзындығы1316 метрді, ені 12 метр 200 см-ді құрайды. Бір жағында жаяу жүргіншілер жолағы салынған. Қысқы кезеңде конструкцияны қорғау үшін тіректердің әрқайсысында зақымданбайтын арнайы мұз кескіштер орнатылған. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін жаңа көпірде 102 бейнебақылау камерасы орнатылған, оның 62-сі көпірдің жоғарғы бөлігінде, 40-ы көпір асты аймағында орналасқан. Камералар онлайн режимінде жұмыс істейді.