Мемлекеттік аудит білім беру саласында ₸1,1 млрд заңбұзушылықты анықтады
Мемлекеттік аудит еліміздің білім беру саласында 1,1 млрд теңге сомасындағы заңбұзушылықты анықтады, деп хабарлайды 24kz.
Онымен қоса, 62,4 млрд теңгенің қаражаты мен ресурстарды тиімсіз жоспарланған. 3,2 млрд теңге тиімсіз пайдаланылған. Бұл туралы Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Жоғары аудиторлық палатаның отырысында мәлім болды. Мемлекеттік аудит нәтижесінде Еңбек министрлігінің болжамдары мен білім беру жүйесінің нақты қажеттіліктері арасында айтарлықтай сәйкессіздік анықталды. Сонымен қатар білім беру стандарттары саласындағы реформалар жүйелі жүргізілмейді. 5 жылда оқулықтарды қайта қарау салдарынан экономикалық шығын 16 млрд теңгеден асқан. Бұған қоса, елде лицензиясыз жұмыс істейтін 66 мектеп анықталды. Аттестаттаудан сәтті өту пайызы төмен. Бұл да білім беру мекемелерінде таралған жүйелі проблемалардың дәлелі. Белгілі болғандай, мектептердің 18%-і ғана аттестаттаудан бірден өте алады.