Қазақстанда 1223 ауылды су басу қаупі бар

Елде 1223 ауылды су басу қаупі бар, деп хабарлайды 24kz.

Апаттың алдын алу шаралары аясында елдегі гидрологиялық нысандар жөнделіп, су қоймалары мен бөгеттер нығайтылып жатыр. Атап айтсақ, 1 мың шақырымнан астам канал, 153 мың шақырымнан астам өзен арналары тазартылған. Былтыр көлемі 245 млн куб метр болатын Ақтөбе су қоймасын реконструкциялау жұмыстары аяқталды. Сонымен қатар 59 қорғаныс бөгетін қалпына келтіру аяқталу сатысында тұр. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, тілсіз жаудан қорғану үшін 576 шақырым топырақ үйінділері мен қорғаныс бөгеттері тұрғызылған. Автомобиль және теміржол қатынастарында 960 су өткізу құрылыстары орнатылды.