Елдегі ең ұзын көпірден төрт айда 170 мың көлік өтті
Елдегі ең үзын көпір пайдалануға берілгелі 4 айда үстімен 170 мыңға жуық автокөлік жүріп өтті, деп хабарлайды 24kz.
Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін өткел Мемлекет басшысының тапсырмасымен салынып, өңірдегі көп жылға созылған қарым-қатынас мәселесін шешуге көмектесті. Бұрын қатынаушылар қыста мұздың үстімен, жазда тек пароммен жағадан жағаға өтетін. Немесе 500 шақырымдық айналма жолды пайдаланып келді. Қазір жаңа көпір Күршім, Үлкен Нарын, Марқакөл, Катонқарағай, Тарбағатай және Зайсан аудандарын Өскемен қаласымен байланыстырып отыр. Күніне 1500 көлікке дейін қатынайды. Нысан құрылысын отандық компания жүргізді. Ұзындығы 1316 метр, ені 12,2 метрді құрайды. Бүйірін бойлай жаяу жүргіншілер жолағы да салынған. 100-ден астам бейнекамера жолдағы қауіпсіздікті бақылайды.