Елордада «Жеңіске 100 күн қалғанда» акциясы өтті

Елордада «Жеңіске 100 күн қалғанда» акциясы өтті

Ұлттық ұлан әскери қызметшілері «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығында арнайы флеш-моб ұйымдастырды, деп хабарлайды 24kz.

Олар әскери және патриоттық шығармаларды орындап, өнерімен жұртты сүйсіндірді. Іс-шара кезінде Құрмет қарауыл ротасының әскери қызметшілері саптық дефиле орындады. Ұлттық ұлан әсерилері Жеңістің 80 жылдық мерейтойы қарсаңында флешмобтар сериясын жалғастырып жатыр. Осылайша, әскери қызметшілер саптық дайындықты, қаруды меңгеру шеберлігін және жекпе-жек тәсілдерін паш етіп, халықты тәнтті етуде.

Әлия Қыдырбайқызы, қала тұрғыны:

- Қоғамға, халыққа керемет көңіл-күй сыйлайды. Кезіндегі нағыз батырлардың ерліктерін, уақыт өткен сайын, қарттар, ардагерлер азайған сайын халвықтың жадынан қалмасын деген оймен үлкен қоғамдық тәрбие қолданып отырған, халыққа берер тәрбиесі мол іс-шара деп ойлаймын.

Жазира Қалдықұлова, қала тұрғыны:

- Ұлттық ұлан оркестрінің жетекшілігімен күшті бір кеш концерттің куәсі болдық . Өте әсерлі болды барлығымызға. Осындай танымдық, тәрбиелік іс-шара көп болса жақсы болушы еді.