Жамбыл облысында жол жөндеуге ₸23,6 млрд бөлінді

Биыл Жамбыл облысында жол саласына 23,6 миллиард теңге бөлінді, деп хабарлайды 24KZ. Бұл қаражатқа 390 шақырымнан аса жол жөндеуден өтіп, 18 шақырым көшеге жол салынады. 

Жалпы өңірде 146 жоба жүзеге асады. Оның ішінде «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасымен 117 шақырым ауылішілік жолдар жөнделеді. Сонымен қатар облыс орталығындағы 4 тұрғын үй алабындағы көшелерге асфальт төселеді. Тараздың орталығы мен теміржолдың екі жағын қосатын ауқымды көпір құрылысы да биыл басталады. Туристік нысандарға баратын жолдарды да ретке келтіру жоспары бар.

Дархан Абдуанов, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бөлім басшысының м.а.:

- Аудандық маңызы бар жолдар арасында басымды 3 жоба бар. Ол Көксай туристік нысанына баратын 17,383 шақырым жол орта жөндеу жоспарланып отыр. Жамбыл ауданында Таскөл деген демалыс аумағы бар. Соған баратын 2,8 шақырым. Байзақ және Жамбыл ауданы арқылы өтетін Almaly Resort деген туристік кешен салынған. Соған баратын жол орта жөндеумен қамтылады.