Қызылордада полиция түнгі клубтарға рейд жасады
Қызылордада полиция қызметкерлері қаладағы ойын-сауық орталықтары мен түнгі клубтарды тексеру мақсатында түнгі рейдке шықты.
«Жастар ресурстық орталығы» мамандарымен бірлескен шара барысында бес кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ересектердің қарауынсыз жүрген 23 баланың ата-анасына ескерту берілді. Жалпы шара “Заң мен тәртіп” жобасы аясында ұйымдастырылды. Мақсат - қоғамдағы тәртіп пен тыныштықты қадағалау.
Дәуірбек Ақкөл, қалалық полиция басқармасы ювеналды полиция инспекторы:
-Демалыс күндері мен алтыншы күндері қала күшейтілген режимде жұмыс жасайды. Әрбір ойын сауық орталықтарына тексеру жұмыстарын жүргіземіз. Тексеру барысында жасөспірімдер анықталса ҚР 132-бабы бірінші бөлігімен әкімшілік хаттама рәсімделеді.