Ұлытау облысының кен орнындағы апат бойынша қылмыстық іс қозғалды
Ұлытау облысындағы кен орнындағы апатқа байланысты "Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу" бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қайғылы оқиға орнында Ұлытау облысы полиция департаментінің жедел-тергеу топтары жұмыс істеп жатыр.
Ербол Қайырбеков, Ұлытау облысының полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы:
«Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 277-бабының 3-бөлігі «Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу» бойынша іс қозғалды. Оқиға орнында Ұлытау облысының полиция департаментінің жедел-тергеу топтары жұмыс істеп жатыр. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу амалдары жүргізілуде».