Елімізде су тасқынын болжайтын Tasqyn жүйесі қолданысқа берілді

Елде су тасқынын болжап, модельдейтін Tasqyn жүйесі өндірістік қолданысқа берілді.

Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов мәлімдеді.

Айтуынша, Tasqyn жүйесі жаһандық GloFAS су тасқыны жөнінде ескерту жүйесіне біріктірілген. Бүгінде өзендердің 128 учаскесіндегі 142 су бекеті бойынша су тасқынын модельдеу жүргізіледі. «Қазсушар» филиалдары мен бассейндік инспекциялардың 114 маманы су бекеттері бойынша деректерге күнделікті талдау жасап, оны жүйеге енгізеді. Tasqyn тасқын кезеңіне соңғы болжамды наурыз айының басында береді. Қазір елдің су қоймалары 13 млрд текше метр су қабылдай алады.

Аслан Әбдірайымов  ҚР Су ресурстары және ирригация вице-министрі:

- Tasqyn ақпараттық жүйесі Қазгидромет ұсынған су алу қаупі бар аймақтарда қолданылып, сүзгіден өтті.  Сондай-ақ модельдеу алдын-ала және ұзақ мерзімді болжам негізінде ұсынылды.  Яғни динамикалық болжам жасалды. Бұл жүйе  деректерді автоматты режимде жүктейді.