ШҚО-да жасанды интеллект арқылы бақылайтын бейнекамералар тиімділігін көрсетті

Шығыс Қазақстан облысында жасанды интеллект арқылы бақылайтын бейнекамералар тиімділігін көрсете бастады.

Жаңа жүйе енді Алтай және Риддер қалаларында пайда болады. Ол кез келген ереже бұзу дерегін қалт жібермейді. Тіпті көліктен бөлек, адамдардың бейнесін де анықтайды. Шұғыл суретке түсіріп, орталық базаға жібереді.

Қазір Риддерде 175 «ақылды» камера орнатылып жатыр. Оның 24-де аналитикалық модуль бар. Яғни адам бейнесін анықтай алады. Бұл тәртіпті күшейтудің бірден бір жолы, дейді мамандар.

Сәмет Әбішев, Риддер қалалық полиция бөлімі жедел басқару орталығының бастығы:

- Камералар орнатылса, жұмысымыз жеңілдейді. Қылмыстарды анықтауға ашуға септігін тигізері сөзсіз. Қазір қала тұрғындары да камералардың бар екенінен хабардар. Сондықтан ереже бұзушылықтар азаяды деп ойлаймын.

Бір камера бірнеше тәртіп сақшысының қызметін атқарады. Қырағы құрылғы ереже бұзған көлікті  жан-жақты түсіреді. Ал мұндай жүйе шағын шаһарда бұрын-соңды болған емес.

БЛИЦ:

- У вас сейчас в Риддере появится очень много камер, как вы к ним относитесь вообще?

-Дисциплинирует водителей?

- Ну наверное дисциплинирует, давно пора. Считаете что надо?

- Уже давно люди обнаглели. 

Ал облыс орталығында жетілдірілген камералар былтыр пайда болды. Осы уақыт аралығында тұзаққа түскендер аз емес. Мысалы, былтырдың өзінде 100-ге жуық ереже бұзушылық анықталды.

Асқар Жапаров, "Цифрландыру және мұрағаттар басқармасының ақпараттық технологиялар орталығы" КММ басшысы:

- Қазір Өскеменде 5832 камера орнатылып жатыр.  Бұған дейін 2700 бейнебақылау камерасы болған. Бұдан бөлек, құқық бұзушылықтарды тіркеуді жүзеге асыратын аппараттық кешендер 159-дан 242-ге дейін көбейді.

Жалпы «ақылды» камераның көмегімен өңірде жол ережесін бұзған 9 мың және бұзақылық жасаған 4 мың адам анықталды. Ал биыл осындай 5832 камераны іске қосу көзделіп отыр.

Абзал Азаматұлы, Вячеслав Ветлугин, Дмитрий Пыхтин