Ұлытау облысындағы ТЖ орнында Үкіметтік комиссия жұмыс істеп жатыр

«Жомарт» кенішіндегі жарылыс метан газынан болуы мүмкін. Үкіметтік комиссияның алғашқы отырысында апаттың алдын ала себебі ретінде осындай ақпарат айтылды.

 Вице-премьер Қанат Бозымбаев бастаған Үкіметтік комиссия оқиға орнына барып, кеніштің жұмысына жауаптылармен жиын өткізді. Сондай-ақ шахтада қаза тапқандардың отбасыларына бірінші кезекте көмек көрсету жөнінде тапсырма берілді. Қанат Бозымбаев асыраушысынынан айырылған отбасыларға тиісті төлемді кешіктірмей беруді тапсырды. Бүгін комиссия мүшелері қаза тапқандардың туыстарымен кездеседі.

Қанат Бозымбаев, ҚР вице-премьері:

- Әдетте кен орындары 5-6 жыл жұмыс істейді. Бірақ бұл кен орнымен 2038 жылға дейін келісімшарт жасалған. Сондықтан бірінші кезекте қауіпсіздік техникасы шаралары барынша сақталуы тиіс. Бұл адам өмірін қорғауға бағытталған талаптар протоколға енгізіліп, орындалуы шарт. Өнеркәсіп және құрылыс миннистрлігі «Қазақмыс» компаниясымен тиісті жұмыстарды жүргізіп, кен орындарын пайдалану келісімшарттарына осыны қосу керек. Әріптестер, төтенше жағдайға қатысты тергеу аяқталғаша кен орынындағы жұмыс тоқтап тұрсын. Бұл жүйеде күрделі өзгерістер керек. Біз мемлекет тарапынан талапты күшейтеміз.