Баянауылда арқар көбейді

Баянауылда арқар көбейіп келеді. Табиғат қорғаушылардың айтуынша, ұлттық парктің аумағында бұл жануардың 766-сы жүр.

Бұлар әдетте қараша-қазан айларында күйекке түседі. Сол кезде құлжасы мен ұрғашысы бірге жайылады. Одан кейінгі уақытта құлжалары бөлек жүреді. Баянауылда 70-тей қасқыр, 115-тің үстінде қабан, 30 шақты сілеусін бар.

«Ал қазір басы көбейіп келе жатқан арқардың негізгі қорегі: жусан, қияқ, бидайық сияқты шөптер», - дейді аң қорғаушылар. Қыста бұтаны да талғажау етеді. Арқарлар әдетте таң ата, сосын кешкі уақытта жайылады.