Қазақстанның авиакәсіпорындарын тексеру нәтижелері жарияланды
Қазақстанда 6 әуежай мен 71 азаматтық әуе кемесі тексерілді. Нәтижесінде 18 бұзушылық жойылды. Сондай-ақ 686 ұшқыштың дайындығына талдау жүргізілді.
Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Қазақстанның Авиациялық әкімшілігінің бас директоры хабарлады. Каталин Радудың айтуынша, әкімшілік Астана, Павлодар, Алматы, Ақтау, Шымкент, Өскемен қалаларындағы әуе айлақтарының техникалық жағдайын бақылаған. Жалпы 2024 жылы 960-тан астам іріктелген және жоспардан тыс тексеріс, сертификаттық зерттеулер жасалды. 2025 жылға 820 тексеру жоспарланған. Азаматтық авиация нысандарын жоспардан тыс тексеру жалғасуда.