Жоғарғы сот кеңесі әзербайжандық әріптестерімен кездесті

Сот корпусын қалыптастыру, судьяларды іріктеу мен тағайындаудағы озық тәжірибе алмасу.

Қазақстанның Жоғары Сот кеңесі Әзербайжан судьяларының делегациясын қабылдап, салада жүргізілген реформалардың нәтижесімен бөлісті. Тараптар судьялардың, кәсіби қызметін бағалау жүйесі мен тәртіптік жауапкершілігінің ерекшеліктерін талқылады. Сондай-ақ екі елдің Жоғары Сот Кеңестері арасындағы ынтымақтастықты қаузады. Әзербайжан Республикасының Жоғарғы Соты Азаматтық алқасының төрағасы, Сот-құқықтық кеңесінің мүшесі Санан Гаджиев бастаған делегация құрамында түрлі сатыдағы судьялар мен Кеңес аппаратының өкілдері бар. Әріптес меймандарды еліміздің Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малахов қарсы алды.

Санан Гаджиев, Әзербайжан Республикасы Жоғарғы соты азаматтық алқасының төрағасы:

- Қос тараптың мүддесіндегі  бірталай мәселені талқыладық. Қазақстанның тәжірибесі бізге өте қызық. Осы елге келген сайын сот жүйесіндегі жаңа рефоромалардың нәтижесін көріп қайтамыз. Әсіресе осы кездесуде айтылған жаңашылдықтарды естіп, қуандық. Олардың бәрі сәтімен іске асады деген үміттеміз. Қазақстан тарапы бізді жылы қабылдады, сол үшін зор алғыс білдіреміз.