Алматыда жол жөндеу жұмыстары әдеттегіден ерте басталды

Алматыда биыл жол жөндеу жұмыстары әдеттегіден ерте басталды.

Жолда пайда болған апатты аймақтарды жойып, шұңқырларды бітеу үшін инновациялық асфальт қолданылады. Асфальтбетон зауыты ауа температурасы -5 градусқа дейін төмендеген кезде  энергия үнемдейтін қоспалары бар «жылы асфальт» өндіреді. Оны күн салқында төсей беруге болады. Бұл технологияны Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты әзірлеп, республикалық маңызы бар автожолда сынақтан өткізген. Жалпы биыл қалада 35 шақырым жаңа жол салынып, 300 шақырымын орташа жөндеу жоспарланған.

Нұрзат Ордабаев, қалалық мобильділік басқармасының бөлім басшысы:

«Биыл 20 магистральді  көше жөнделеді. Одан бөлек ағымдағы жөндеуді қажет ететін  көшелердің  тізімі жасалған. Егер жол сапасыз жасалса, ол мердігер мекеменің есебінен қайта қалпына келтіріледі».