Оралда көшедегі заңсыз саудамен күрес күшейді
Орал қаласында көшедегі заңсыз саудамен күрес басталды.
Әкімдік мамандары мен тәртіп сақшылары аптасына екі рет рейдке шығып, орталық базардың айналасындағы саудагерлерге айыппұл салып жатыр. Сауда арнайы белгіленген орында, рұқсат етілген жерде жүруі тиіс дейді шаһар басшылығы. Алайда жақын ауылдардан келіп, өз өнімін сатушылардың да айтары бар.
Балық аршығансыздар, аршығасын артын жинау керек қой. Сіздерге айттық мана, сауда жасауға болмайды. Кішке қарай кіріңіздер. Іште павильон бар. –Ол қымбат. Ана жаққа ешкім бармайды. Саудамыз болмайды. Біздікі күнкөріс қой.
Күнде кешкісін орталық базардың төңірегінде қалдық мен қоқыс жайрап жатады. Тазалық сақталмайды. Аяқ астында сатылған азық-түліктен жұқпалы аурулар тарауы мүмкін. Сол себепті көше саудасын құптамаймыз, - дейді әкімдік өкілдері.
Асхат Байғалиев, қалалық полиция басқармасы табиғат қорғау бөлімшесінің инспекторы:
- Ескерту не хаттама толтырылады. Ал егер белгіленбеген жерге сауда жасау мен мусор қалдықтары, адамдар көшеде темекі шегеді, қалдығын көшеге лақтырып кетеді. Сол кезде 204-бап бойынша айыппұл салынады.
Орал қаласында 18 базар болса, соның 7-інде азық-түлік сатылады. Ең ірісі орталық базар. Айналасынан адам аяғы үзілмейді. Ауыл-аймақтан келетіндер ат басын осында тірейді. Сатушылардың қызығатыны да сол. Әкімдік оларды басқа базарларға баруға үгіттегенімен, ешкім барғысы келмейді. Себебі саудамыз жүрмейді, - дейді Бақыт Сисенғалиева. Ол күн сайын Теректі ауданынан келіп, құрт-майын өткізеді.
Бақыт Сисенғалиева, Подстепное ауылының тұрғыны:
- Мен ол жаққа қалай барам? ! Азғантай тауар, әні тұрған ұсқыны. Бес тары, бес талқанмен аренда төлей алмаймын ол жерде. Қазір қыстың ішінде)+++сүт жоқ. Мен қаймақ-май сатам. Штрафты келіп полиция салып жатыр. Төлейсің қайта тұрасың, төлейсің қайта тұрасың. Қазір 18 мыңнан салып жатыр.
Көшедегі жабайы саудамен күрес бұрын да болған. Бірақ жаңа жылдан бері тіпті күшейді. Бұрын рейд айына бір жүрсе, енді аптасына екі рет тәртіп сақшылары тазалықты қадағалап, заңсыз сауда жасаушыларды қуып жүр.
Нұртас Наурызбаев, қалалық ТҮКШ бөлімінің сектор меңгерушісі:
- Бұрын айына бір рейдке шыққанда олар алдын-ала естіп, жан-жаққа тарап кететін, артынша қайта жиналатын. Қазір жиі-жиі бақылап жүреміз. Санитарлық талаптардың бұзылмауын да қадағалаймыз. Бізді ерекше алаңдататыны абаттандыру жайы.
Жыл басынан бері әкімдік өкілдері полиция қызметкерлерімен бірге көшеде заңсыз сауда жасаушыларға 155 ескерту беріп, 288 хаттама толтырған.
Е. Жылқайдарұлы, Б. Жарылғасов, Э. Аюпов