Күршім ауданы Теректібұлақ ауылында бруцеллез ауруының ошағы жойылмай тұр

Шығыс Қазақстанда Күршім ауданы Теректібұлақ ауылында бес айдан бері бруцеллез ауруының ошағы жойылмай тұр.

Мамандар жұқпалы кесел тіркелген кезден бастап ол елді мекеннен ет өнімдерін шығаруға шектеу қойған еді. Облыста былтыр мал арасында бруцеллезбен қатар, сібір жарасы сынды түрлі жұқпалы аурулардың 10 ошағы тіркелді. Бұл алдыңғы жылдармен салыстырғанда бірнеше есе аз көрсеткіш дейді, - сала басшылары. Қазір өңірдегі эпизоотиялық жағдай тұрақты. Мал дәрігерлері тек Теректібұлақ ауылында сауықтыру шарасын жалғастырып жатыр.

Анар Рахманова, ШҚО ветеринария басқармасының бас маманы:

- Күршім ауданында іс-шаралар жалғасып жатыр, өйткені 15-20 күн сайын қан алынып, ірі қара малдың қаны алынып күршім аудандық зертханасына әкелініп тексеріледі. Неге жалғасуда өйткені қан серологиялрынан оң нәтиже анықталып жатыр, ветеринарлық іс шара жалғаса береді, өйткені екі рет теріс нәтиже алғанша.